Қазақстан • 28 Маусым, 2017

ҚР Омбудсмені Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесті.

ҚР Омбудсмені Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

Кездесу барысында Омбудсмен серіктесіне елдегі конституциялық өзгерістер аясында жүзеге асырылған ұлттық құқық қорғау мекемесінің рөлі және қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан ауқымды реформалар туралы құқық қорғау көзқарасы тұрғысынан баяндалды. Дипломат Қазақстанда өткізіліп жатқан реформаларды жоғары дәрежеде бағалады. Ол осы саладағы ұлттық құқық қорғау тетіктерін және заңнаманы нығайтудың маңыздылығына көңіл аударып, ынтымақтастық көрсетуге және қажетті жәрдем беруге дайындығын білдірді.

Тараптар құқық қорғау саласындағы перспективалық ынтымақтастықты  кеңейтуге бағытталған диалогты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.