Үкімет • 28 Маусым, 2017

Премьер-Министр Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамыту барысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Премьер-Министр Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты

Қызылорда әкімі Н. Нәлібаев Бақытжан Сағынтаевқа өңір халқын қолжетімді баспанамен және әлеуметтік маңызға ие нысандармен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және жаңа тұрғын үй алабының жобасы туралы баяндады. Биыл облыс орталығының сол жақ жағалауында салынып жатқан үйлерге қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталады.

Облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мына бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысы көзделген:

• ипотекалық несиелендіруге қолдау көрсету;

• жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй құрылысына ынталандыру;

• тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы жүзеге асырылатын несиелік тұрғын үй құрылысы;

• жалдамалы тұрғын үйдің өңірлік қорын құру;

• жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

Биыл өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 211 пәтерден тұратын 40 көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарда бар.