Қазақстан • 28 Маусым, 2017

Жанболат Аупбаев "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша "Үркер" сыйлығын алды

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «The Ritz-Carlton» қонай үйінде баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтуде.

Жанболат Аупбаев "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша "Үркер" сыйлығын алды

Биыл алғаш рет тағайындалған сыйлықтың "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша "Егемен Қазақстан" газетінің шолушысы Жанболат Аупбаев жеңімпаз атанды. Бұл аталым бойынша үміткерлер қатарында  Сембай Мағауя ( "Орталық Қазақстан"), Еркін Шәкірұлы («Atameken Business Channel»), Киселев Стас, ("Время"), Төлен Тіленбай ("Жас қазақ") болды. 

Естеріңізге сала кетсек, «Үркер» тұңғыш ұлттық сыйлығы 15 номинациядан тұрады. Олар: «Үздік аймақтық баспасөз басылымы», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік салалық баспасөз басылым», «Үздік жыл журналы», «Үздік республикалық баспасөз басылымы», «Үздік репортаж», «Қазнеттегі медиасерпіліс», «Үздік аймақтық радиостанция», «Үздік журналистік зерттеу», «Үздік интервью», «Қазақстан туралы үздік танымдық материал», «Үздік халықаралық сараптамалық материал», «Журналистикадағы дебют», «Үздік фотосурет», «Үздік сараптамалық материал». Конкурсқа өтініш қабылдау 2017 жылдың 7 мамырынан 10-маусым аралығында жүргізілген болатын. Байқауға 860-қа жуық БАҚ өкілі қатысуға ниет танытқан. 

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55