Президент • 29 Маусым, 2017

Бірқатар нақты тапсырма берді

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бірқатар нақты тапсырма берді

Кездесуде су ресурстарын дамыту және ауылдық жерлердің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Астананы және өзге де өңірлерді су деңгейінің көтерілуі мен су тасқы­нынан қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін жобаларды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
– Судың көптігі су деңгейінің көтерілу қаупін тудырады. Бір жағынан, оны ұтымды, әсіресе ауыл шаруашылығында пайдалануға болады. Осыған орай әр елді мекенде шағын су қоймаларын салуды қамтамасыз ету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президентіне бөгеттердің қазіргі жағдайы және су деңгейінің көтерілуі мен су тас­қыны болуы мүмкін өңірлерде жаңа су қоймаларын салу перспективалары жөнінде мәлімет берілді.
Сондай-ақ, Елбасы Астана маңындағы су қоймалары мен көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты.
– Кеңбидайық су қоймасы қалаға жақын орналасқан. Бұл жер елорда тұрғындары демалатын орындардың біріне айналуы тиіс. Онда жағажай жасап, демалыс орындарын салу керек, – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.