05 Қазан, 2011

Әлем чемпионатында әлсіз боксшы жоқ

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен мөлтек сұхбат – Бокстан өтіп жатқан әлем чемпионаты бел орта­сына келді. Біздің боксшылар­дың жекпе-жектері туралы не айтар едіңіз? – Алдымен басынан бастап айтайын. Бізге жеребенің ең қиы­ны Біржан Жақыпқа түс­ті. Ол кезінде Куба бокс­шысын ұтқан бола­тын. Бірақ, Куба­ның аты Куба ғой. Ол жерде бокс жақсы да­мы­ған. Куба – әлемдегі бокс жақ­сы дамыған держава­лар­дың бірі. Бостан­дық елінің боксшысын Бір­жан бір рет жеңсе де оны оңай қарсылас деуге болмай­ды. Кезінде кубалықтармен Ермахан Ыбы­райымов, Нұр­жан Сманов, Болат Жұ­мәділов, Бақтияр Артаев, Ба­қыт Сәрсекбаев кездескен. Біржан кубалық­пен екінші, үшінші рет жолы түйіссе, жақсы болар ма деп ойлай­мын. Осы чемпионатта Біржан бар мүмкіндігін беріп қойды. Ұлттық құраманың бапкерлері оған үміт артқан еді. Біз ол тек жолдама емес, жүлде ала ма деп ойлағанбыз. Өмір деген осы. Әр нәрсенің сүйініші мен күйініші болады. – Жігіттердің мүмкіндігі қан­дай деп ойлай­сыз? Кімнің алтын, күміс, қола медальге үміті бар? Ниязымбетов, Сужанов, Елеусінов чем­пио­натқа алғаш рет қа­тысып отыр. Олардың жүлдеге ілігуге мүмкіндігі бар ма? – Бәрі екінші, үшінші кездесулерінен кейін ашылады. Сол кезде кімнің қандай мүмкіндігі бар екені көрінеді. Боксшы­лары­мыздан үміт күтеміз, әрине. Бәрі жақсы дайын­дықпен келді. Әсіресе, Дычко тура­лы айтсам, оның осыдан екі-үш жыл бұрын салмағы 97 кило бола­тын. Қазір 104 кило. Екі жылда есей­ді. Бойы мен салмағы сәйкес келіп тұр. Оның да жүлдеге дәмесі бар. Басқа не айтайын, бәрін шар­шы алаң көрсетеді ғой.