Кездесу барысында Омбудсмен сұхбаттасына елдегі конституциялық өзгерістер аясында жүзеге асырылған ұлттық құқық қорғау мекемесінің рөлі мен қызметінің негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси-экономикалық реформалар туралы баяндалды.
Дипломат Қазақстанда жүзеге асырылу үстіндегі реформаларды жоғары бағалады. Ол осы саладағы ұлттық құқық қорғау тетіктері мен заңнаманы нығайтудың маңыздылығына көңіл аударып, аталған бағытта ынтымақтастық орнатуға және қажетті жәрдем беруге дайын екендігін білдірді.
Тараптар құқық қорғау саласындағы ықпалдастықтың ауқымын кеңейтуге бағытталған үнқатысуды одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін қуаттады.
Астана қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.
Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше