Су айдындарында демалыс алдында міндетті түрде судағы жүріс-тұрыс қағидасын зерделеу қажет. Бүгінгі күні адамдар барлық қағидаларды сақтамайтынын атап өткен жөн. Көбінесе, ата-аналар қауіпке баға бермей, балаларын тиісті нұсқаулықсыз, қараусыз жіберіп жатады. 2017 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша суға шомылу маусымы басталғалы бері еліміздің су айдындарында 56 адам, оның ішінде 31 бала суға кетіп, көз жұмғанын атап өткен жөн. Барлық қайғылы оқиға суға шомылуға рұқсат етілмеген орындарда болып жатады.
Суға шомылу маусымы кезеңіне жедел-құтқару жасақтарының құтқару бөлімшелері жеке құрамынан 1 300-ден астам құтқарушы, 300-ден астам автомобиль және құтқару техникасы, 400-ден астам жүзу құралы, 1 500-ден астам сүңгуір жабдықтары мен жарақтары жоғары әзірлікке келтірілді. Жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда жедел-құтқару жасақтарының 50-ден астам көшпелі мобильді құтқару бекетінің жұмысы ұйымдастырылды. 400-ден аса қоғамдық (объектілік) құтқарушы дайындықтан өтті, жағажайлардағы жалпылама демалыс орындарында 120-дан астам құтқару бекеті құрылды.
Жалпы, қабылданған шаралар биыл суға кетушілердің санын шамамен 50%-ға, оның ішінде суға кетіп жатқан балалардың санын 20%-дан астам азайтуға мүмкіндік берді.
Халықтың су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауы аса маңызды. Мәселен, алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға, суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан секіруге, тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге, жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асуға, техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге, балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.
Әрбір адам суға шомылғалы жатқан су айдындардың қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі, жабдықталмаған орындарда батып кеткен діңгектер, темір, шыны және тағы басқа заттар болуы мүмкін. Жақын жерде жүзіп бара жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жақын жүзіп бару аса қауіпті.
Ұзақ уақыт бойы суға шомылу да адамдардың денсаулығына қауіпті. Суға шомылу ұзақтығы негізінен ауа температурасына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн.
Руслан ИМАНҚҰЛОВ,
ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жұртшылықты су айдындарында абай болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ, қауіпсіздік қағидасын сақтауға шақырады.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше