Үкімет • 29 Маусым, 2017

Құрық порты – Транскаспий көлік дәлізінің маңызды бөлігі

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ералы Тоғжановпен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аралады.

Құрық порты – Транскаспий көлік дәлізінің маңызды бөлігі

Асқар Мамин алдымен Құрық паром портының құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Бір айта кетерлігі, аталған кешеннің бірінші кезеңі 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосылып, жүк вагондарын тәулік бойы паромға тасуға мүмкіндік беретін темір жолды қосқанда 44 объект пайдалануға берілді.

Порт коммерциялық қызметті 2017 жылдың басынан бастап, бүгінге дейін 400 мың тоннадан астам жүк тасымалданды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Құрық автокөлік дәлізінің екінші кезең құрылысының маңызды екендігі айтылған.

Жаңа паромдағы өткел жүктердің мультимодельді тасымалына мүмкіндік береді. Сол арқылы жүк транзиті артып, Қаспий арқылы экспорт потенцияалы да ұлғаяды деп күтілуде.

Құрық паром кешенін пайдалануға беру Қазақстанның теңіз жолын арттырып, Транскаспий халықаралық көлік маршрутының мүмкіндіктерін арттырады.

Сонымен қатар Асқар Мамин облыстағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының жөндеуден өту жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында Ақтау-Шетпе (167 км), Шетпе – Сай-Өтес (60 км) секілді басқа да автожол жобалары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасына дейінгі 85 км жол қайта жөндеуден өту жұмыстары басталды. Сонымен қатар биыл күзде Жетібай-Жаңаөзен автожолы жөндеуден өткізілмек.

Асқар Мамин аталған жобаларды жүзеге асыру барысымен танысып, автомагистральдар жұмысын аз уақытта аяқтауды тапсырды.