Қазақстан • 30 Маусым, 2017

Бас прокуратурадағы байыпты жүздесу

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Бас Прокурор Жақып Асановтың Ұлыбритания Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы, Блакстоун Чемберс тобының төрешісі мен медиаторы, Сот және халықаралық төрелік орталығын құру мен дамыту бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының сарапшысы лорд Гэри Вульфпен кездесуі өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас прокуратурадағы байыпты жүздесу

Іс-шараға Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, Халықаралық қаржы орталығының бас­қарушысы Қайрат Келімбетов пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов қатысты. 

Кездесу барысында Қазақстан Бас прокуратурасы­мен құрылатын Сот және халықаралық төрелік орта­лы­ғымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды нығайту мәселелері, сондай-ақ, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу соңында Жақып Асанов лорд Гэри Вульф­қа сапары үшін алғыс айта отырып, осы кездесу ынты­мақ­тастықты дамыту үшін қосымша серпін болады деген сенімін білдірді.