Қазақстан • 30 Маусым, 2017

Сайлау барлық талапқа сай өтті

209 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғының Байқаушылар миссиясы Қазақстан Рес­публикасы Орталық сайлау комиссия­сын­да Қазақстан Республикасы Парла­мен­ті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша брифинг өт­кіз­ді.

Сайлау барлық талапқа сай өтті

Миссия құрамында 106 байқаушы аккредителді.  Миссия мүшелері сайлау комиссиялары сайлау науқанына қажетті ақпараттық, техникалық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілді деп мәлімдеді.

Сайлау күні Миссия өкілдері республиканың барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында таңдаушылардың бірлескен отырысына қатысып, тиісті сайлау комиссиялары  ұйымдастырған дауыс беру рәсімін дауыс беру пункттерінде байқады. 

Делегация басшысы – ТМД Байқаушылар миссиясының басшысы В.Гуминский 2017 жылғы 28 маусым  күнгі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және Конституцияға сәйкес өтті және сайлау баламалы негізде жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді, бәсекеге қабілетті және ашық болды деп мәлімдеді.

Кеше Қазақстан Республикасы Ор­та­лық сайлау комиссиясында Шан­хай ынты­мақ­тас­тық ұйымының  Бай­қау­шылар миссия­сы Қазақстан Рес­пуб­ликасы Пар­ла­менті Сенатының депутаттарын сайлау­ға дайындықтың және өткізудің байқау нәтижелері бойынша брифинг өткізді.

Миссия құрамына ШЫҰ-ға мүше мемлекет­тердің: Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері кіргенін айта кеткен жөн.
Дауыс беру күні – 2017 жылғы 28 мау­сымда ШЫҰ Миссиясының мүшелері Аста­на, Алматы және Көкшетау қалаларында таң­дау­шылардың бірлескен отырыстарына қаты­сып, дауыс беру пункттерінің ашылуын, электрондық тіркеу, дауыс беру, дауыстарды санау рәсімдерін, қорытындыларды хабарлауды көрді және дауыс беру пункттерінде ШЫҰ Миссиясына Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттар туралы толық ақпарат ұсынылды. 
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Миссиясының басшысы Ван Кайвэнь сайлау Қазақстан Республикасының заңнамасына және қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өтті, бұл  сайлауды сенімді, ашық және демократиялық  деп тануға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді. 

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің Байқаушылар миссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша қорытынды брифинг өткізді.

Әзербайжан,Түркия елдерінен сайлауды байқауда үлкен халықаралық тәжірибесі бар сарапшылар, сондай-ақ Түркі кеңесі Хат­шы­лығының өкілдері кіретін Түркі кеңесінің миссиясы Астана және Көкшетау қалаларында 2017 жылғы 27 маусымдағы сайлауды байқа­ды. Миссия дауыс беру бірқалыпты және ұйым­дасқан түрде өтті деп атап көрсетті. Сайлауда таңдаушылардың келуі жоғары, яғни – 100% болды.

Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі Миссиясының басшысы Р.Гасанов Қа­зақстан Республикасы Парламенті Сена­тының сайлауы ашық және Қазақстан Республикасының заңна­масына сәйкес бәсекелестік негізінде және демократиялық сайлаудың халықаралық стан­дарттарын сақтай отырып өткізілді деп мәлім­деді. 

Кеше Түркітілдес мемлекеттер Пар­­ла­менттік Ассамблеясының Байқаушылар мис­сиясы Қазақстан Республикасы Орта­­лық сайлау комиссиясында Қазақ­стан Республикасы Парламенті Сена­ты­ның депутаттарын сайлау қоры­тындылары бойынша брифинг өткізді. 

Миссия екі сайлау учаскесінде дауыс беру процесін байқады. Негізгі қорытындыларының бірі ретінде Миссия байқаушылардың барлық рәсімдерге еркін қол жеткізгенін атады. 

Миссия басшысы Жандос Асанов Сенатқа сайлау Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес өтті, деп мәлімдеді.