05 Қазан, 2011

Жастар жиыны жарқырап өтті

338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ел тәуелсіздігінің 20 жылды­ғына орай ұйымдастырылған об­лыстық жастар мен студенттердің «Біз – еліміздің болашағымыз» атты форумы аясында балалар ұйымдары мен қоғамдық қоз­ға­лысының көшбасшыларының І об­лыстық слеті өткізілді. Оны өт­кізудегі мақсат балаларды ұлттық және жалпы азаматтық құн­ды­лықтарға сәйкес жеке тұлға етіп тәрбиелеу, олардың бойында қа­зақстандық патриотизмді қалып­тастыру. Слетке қала және аудан мектептерінен үздік оқитын, 300-ден астам оқушы, балалар ұй­ым­дарының жетекшілері, аға тә­лім­герлер, жас көшбасшылар қа­тысты. Содан кейін Қазақстанның Тұң­­ғыш Президенті атындағы сая­бақта «Біз – еліміздің болаша­ғы­мыз» атты жастар мен студент­тердің облыстық форумы өткі­зіл­ді. Мұнда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» ма­ра­фон-эстафетасына қатысушы­лар­ды марапаттау болды. Марапаттау рәсіміне «Жасыл ел», студенттік құрылыс және педагогикалық жа­сақтарының, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» мара­фон-эстафетасының 4000 үздік­тері қатысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов форумға қаты­сушылар алдында сөз сөй­леді. Ол марафон-эстафетаға қа­тысу­шы­лар­дың қыруар жұмыстар жаса­ғанын тілге тиек етті. Ма­рафон-эстафетаға, студенттік құ­рылыс жасақтарына биыл 92 мың жас қатысты. Бұл оның алдын­дағы жылға қарағанда, олардың қатары 22 мың жасқа көбейгенін көр­се­теді. Олар 400 елді мекенді кө­ріктендіріп, көгалдандырып, күл-қоқыстан тазартқан. Нақ­ты­лап айтқанда, 300 саябақ, 1000 кө­ше­лер мен аллеялар, 200 әлеу­мет­тік нысандар тазартылып, тәр­тіпке келтірілген, 20 мың тонна қоқыс шығарылған. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов марафон-эста­фе­тада, «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтарында жақсы жұмыс істеген үздіктерге, жасақ командирлеріне 55 жеңіл авто­кө­ліктің кілтін тапсырды. Ау­дан­дар­дың қай-қайсысы да жеңіл кө­ліктен құр қалмады. Соның ішінде бұл бағыттағы жұмысты жақ­сы ұйымдастырған Мұғалжар ауданының төрт білім мекемесі автокөлікке ие болды. Бұдан бас­қа 1200 жасқа ноутбук, 2500 сар­базға Астана қаласында демалып қайтуға жолдама табыс етілді. Өңір басшысы марафон-эстафе­та­ның алдағы жылы да жалғасаты­нын, алайда, жастардың тұрғын үй құрылысын салуға, газ және су құбырларын жүргізуге тартыла­тынын жеткізді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.