Қазақстан • 30 Маусым, 2017

Еңбек қауіпсіздігі «алтын қағиданың» қатарында

563 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кез келген өндірісте еңбек ресурсы ерекше маңызға ие. Ал ондағы адамдардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін сақтауға барынша жағдай жасау ­– әрбір басшының негізгі міндеті. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы көрнекті көшбасшылық» деген тақырыпта өткізген форумында осы мәселе кеңінен талқыланды.

Еңбек қауіпсіздігі «алтын қағиданың» қатарында

Жыл сайынғы дәстүрге айнал­ған шара биыл үшінші мәрте ұйым­дастырылды. Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі­нің төр­ағасы Фрэнк Куйлаарс, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма тө­р­­а­ғасы Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңе­сі­­нің мүшелері мен ҚМГ тобына кі­ре­тін компаниялардың бірінші бас­­шы­­лары қатысты. Форумда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ком­пания­лар тобындағы қауіпсіздік мәде­ниетін бағалау және жетілдіру мәселелері талқыланды.
Форумның ашылу салтанатында Директорлар кеңесінің төрағасы Фрэнк Куйлаарс қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. Ол алға жыл­жу­дың ең тиімді тәсілі ­көшбас­шы­лар­ды, компаниялар тобы қыз­мет­керлерінің командасын, кәсіподақтар­ды біріктіру екенін және жарақаттану деңгейі «нөл» болатын ең қауіпсіз компания мәртебесіне ұмтылу маңыз­ды мақсат екенін атап өтті. 
«Компанияның ІРО-ға шығуға дайындалуына байланысты бұл жұмыс ерекше мәнге ие болып отыр. Компаниялар акциясы батыстық инвесторлармен тек қаржылық көрсеткіштермен ғана емес, сондай-ақ FAR және LTIR көрсеткіштері бойынша бағаланады», деді Ф.Куйлаарс. Мұндағы FAR дегені ­– өліммен аяқталатын оқиғалар коэффициенті болса, LTIR жарақаттану коэффи­циентін білдіреді. 
Ал өз кезегінде Басқарма төраға­сы Сауат Мыңбаев ҚМГ енші­лес және тәуелді компаниялары­ның басшыларының жеке жауап­кер­шілігіне ерекше назар аудар­ды. Компания саясатына сәйкес кәсіп­орындарды басқару үдерісі қауіпсіздік мәселелеріне басым­дық беруі тиістігін тілге тиек етті. Өн­ді­ріс­тік персоналды қауіпсіз жұ­мыс істеудің дағдыларына үйрету керек­тігін, қауіпсіздік нормаларының бұзылуы оқиғаларының алдын алу және болдырмау үшін ол оқиғаларға талдау жасау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол соңғы екі жылда бар­лық қызметкерлердің ұмтылысымен жазатайым оқиғалар бойынша есеп беру кезінде жүйелі себептерді анық­тау және тиісті шараларды қабыл­дау бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты. 
«Біз дұрыс бағытта келе жатыр­мыз. Еңбекті қорғау және қауіп­сіз­дік саласында айтарлықтай өзге­ріс­терге қол жеткізілді», деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшысы. Сон­дай-ақ, ол қауіп­сіздік мәдениетін қалып­тастыру­да басшының рөлі маңызды екенін атап өтті. 
Форум барысында әдеттегідей өз саласының білгір мамандары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Еңбек және қоршаған ортаны қорғау жө­нін­дегі вице-президенті Винсент Спинелли, Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет көрсету бағытындағы басшысы Сергей Дайман, «Zerecon» ЖШС атқарушы директоры Сергей Ли, Еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаменті сарапшысы Антон Давиденко қауіп­сіздіктің түрлі бағыттары туралы баяндап, ақпараттармен бөлісті. 
Форумға қатысушылар жетістік­тер жөнінде айта келіп, кейбір кем­шіліктер туралы да сөз қозғады. Кей­бір күрмеуі қиын мәселелер­ді де тал­қылады. Жарақаттану жағ­­дай­ларына да мысалдар бар. Келең­сіз жағдайлардың көпшілігі қауіп­сіз­дік ережелерін сақтамағаннан бол­ады. Ал ережені бұзудың басым бөлігі ережені білмегендіктен емес, оған «еті үйреніп», мән бермеу­ден, қауіпсіздік шараларына нем­құ­райлы қараудан туындайды екен. Сол себепті басшылар еңбек қауіпсіз­дігі мәселесіне ерекше мән беруі тиіс. Әрине, қызметкерлердің қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету және өндірісте жарақат алу деңгейін азайту – әрбір басшының бірінші кезектегі міндеті. Дегенмен, қауіпсіздік – бас­шыдан бас­тап, қатардағы қызмет­кердің құқығы мен саналы таңдауы. Әрбір қызметкер бұл жағдайға зор жауапкершілікпен қарағаны абзал.
Мұнай-газ саласында қауіпті жағ­дайлар аз емес. Бастысы, жарылу қаупі бар материалдармен жұ­мыс жасағанда ұжым мен тұтыну­шылардың өмірі және қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті ұмытпаған жөн. Өткен жылы компания «ҚазМұнайГаз» қауіпсіздігінің алтын қағи­даларын» енгізді. Онда жабық кеңістікте, биіктікте және басқа да қиын талаптарда жұмысқа дайын­дық, энергия көздерімен жұ­мыс жасау кезінде әрекет тәртібі сияқ­ты өндірістік қызметтің барлық негіз­гі аспектілері қамтылған. Бірнеше ай бойы компания қызметкерлері кеңес­шілермен бірлесе отырып, нор­мативтерді, ережелер мен рәсім­дер­ді, яғни төтенше жағдай әрекеттері­нің барлық қажетті тәртібін талдап шыққан. 
Өндірістегі қауіпсіздік мәселе­леріне басшылар тарапынан нем­құрай­лылық болған жерде проблема­лар пайда болады. Өндіріс «коман­дирлері» бұл мәселе бойынша өздері жеке үлгі көрсетуі тиіс, өндірістік нысандарға жиі барып тұру керек, жүйелі негізде кемшіліктерді анық­тау қажет, оларды реттеу бойынша бағ­дар­ламалар енгізу керектігін маман­дар осы жиында баса айтты. 
Форум соңында өткен жылдың қорытындысы бойынша еңбекті қорғау саласында үздік нәтижелері үшін «ҚазМұнайГаз» еншілес және тәуелді компаниялары Құрмет грамоталарымен марапатталды. Же­ңімпаздар қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қызметкерлер саны, еңбекті қорғау қызметкерлерінің компания қызметкерлерінің жалпы санына қатысы сияқты көрсеткіштерді бағалаумен анықталған. Корпора­тивтік стандарттар мен бастамалар енгізу, еңбек қорғау саласында тәуе­кел­­дерді басқару бойынша жұ­мыс, сон­дай-ақ алдыңғы қатарлы тәжі­ри­­бені қолдану сияқты талаптар ес­керіл­­ген. Құрмет грамоталарын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төр­ағасы Сауат Мыңбаев тапсырды. Мара­патталғандар қатарында «Мұ­най­телеком» ЖШС, «Ойл Транс­­порт Корпорейшэн» ЖШС, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «Павлодар мұ­най-хи­мия өңдеу зауыты» АҚ, «Ин­тер­газ Орталық Азия» АҚ компаниялары бар. 

Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан»