05 Қазан, 2011

Корольдің қабылдауында болды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көкшетаудың  «Тұмар» би ансамблі Малайзияда өткен алтын­шы халықаралық фольклор фестиваліне қатысып, жүлделі үшін­ші орынды иеленіп қайтты. Кота Кинабалу қаласындағы өнер сайысына Египет, Үндістан, Қытай, Латвия, Ресей, Сингапур сияқты 18 мемлекеттен би саң­лақ­тары қатысқанын ескерсек, ал­ғаш­­қы үштікке ену үлкен табыс деп білеміз. Көкшелік қыздар ай­тулы додада қазақ халқының «Ша­пағат», «Жайлау», «Елім-ай» билерін ор­ын­дап, көрермен риза­шы­лығына бө­ленумен қатар  Малайзия королі Мизан Зайнал Аби­диннің, Мәде­ни­ет және туризм министрінің, қала мэрінің қабыл­дауында болыпты. Бақберген АМАЛБЕК, Көкшетау.