Аймақтар • 30 Маусым, 2017

БҚО тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып осы кезге дейін аталған облыстың білім басқармасын басқарған Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева тағайындалды. Жаңа басшысыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов таныстырды.

БҚО тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Айгүл Мыңбаева 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1985 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген. 1985-2000 жылдары орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде педагогтық қызмет атқарған. 2000 жылдан бері Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және білім басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

– Айгүл Әділгерейқызы 37 жылдық еңбек өтілінің 17 жылында мемлекеттік қызметте болды. Қызметтік міндеттерін атқару барысында өзін ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кәсіптік және басқарушылық тәжірибесі мол маман ретінде көрсете білді. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының алдында да жаңа міндеттер тұр. Елбасының үш тұғырлы тіл саясатын одан әрі жалғастыруыңыз қажет, – деді Арман Өтеғұлов жаңа басшыны ұжымға таныстыру кезінде.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Орал