Ұлттық спорт • 30 Маусым, 2017

Ұлан Рысқұл: Биыл екінші рет «Қазақстан барысы» атанамын

1183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2 шілдеде Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтеді.

Ұлан Рысқұл: Биыл екінші рет «Қазақстан барысы» атанамын

Жарыс алдында Алматы облысының балуаны, «Қазақстан барысының» 2011 жылғы жеңімпазы Ұлан Рысқұлға хабарласып, турнир туралы пікірін білген едік.

– Ұлан, биылғы турнирге дайындығыңыз қалай?

– Дайындығым жаман емес. Бүгінге дейін тынбай еңбек етіп, аянбай тер төгіп жақсы баппен келдім. Енді, алдағы додада барымды салып, жеңіске жетуді мақсат етіп отырмын. Дегенмен, жеңімпазды бәрін бозкілем анықтап береді ғой.

– Финалға қатысатын балуандардың тізімін қарасақ, көбі жас және алғаш рет қатысып жатқан спортшылар. Солардың ішінде қай балуанның бәсі биік, кімнен ерекше үміт күтуге болды?

– «Қазақстан Барысының» финалдық бәсекесіне қатысатын балуандар өз аймағының кіл мықтылары. Десе де, сұраған екенсіз айтайын. Биыл «Әскер барысы» атанған Сыр өңірінің балуаны Еламан Ерғалиевтен көп үміт күтуге болады. Оның финалға дейін іркілмей баратындай мол мүмкіндігі бар. Өте талантты балуандардың бірі осы спортшы. Сондай-ақ, маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповтан да нәтиже күтуге болады.

 – Өзіңізге ең басты қарсылас ретінде кімді атай аласыз?

 – Төрешіден бастап, 34 балуанның барлығы басты қарсыласым. Ешкімді бөле жарғым келмейді. Біреуінің жасы кіші, екіншісінің салмағы аз деп бейқам қарауға болмайды. Әр белдесуге шыққанда финалда күресіп жатырмын және жеңемін деп шығу керек.

– Биыл кім «Қазақстан барысы» атануы мүмкін?

– Мен. Биыл «Қазақстан барысы» өзім боламын. Мұным артықтау да болар. Дегенмен қазіргі дайындығым мен бабыма қарап, өзімді осылай жігерлендіремін және соған сенімдімін.

– Биылғы турнирге Бейбіт Ыстыбаевтың қатыспайтыны белгілі. Бұрын көбі «Бейбітті жеңіп, чемпион атансам» дейтін...

 – Былтыр Бейбіт Ыстыбаевты ұтып, чемпион атанамын деп ойладым. Бірақ, өкінішке қарай жеңіліп қалдым. Енді екеуіміз бұл турнирде кездеспейтін шығармыз.

 

Әңгімелескен Әли БИТӨРЕ

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55