Ол азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін, соның ішінде кінәсіздік презумпциясы, бір құқық бұзушылық үшін қайта жауапқа тартудың мүмкін еместігін және өзінің кінәсіздігін дәлелдеуден босату қағидаттарын күшейтуге бағытталған 16-1-баптың жаңа редакциясының маңыздылығын атап өтті.
«Конституция ең жоғары заңдық күшке ие. Ең алдымен, азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітіп, олардың кепілдіктерін белгілеуі тиіс», деді Сәрсембаев.
Сонымен қатар, министр түзетулер қолданыстағы Конституция мәтінінің 80%-дан астамын қамтитындықтан, Ата заңның жаңа редакциясын қабылдауды талап ететінін атап көрсетті.
«Сөз шашыраңқы түзетулер жөнінде емес, басты жария-құқық актісінің іргесін толықтай қайта қарау әрекеті жөнінде екенін айта кету керек», деді Ерлан Сәрсембаев.
Ата Заңға стратегиялық бағдар: Ғылыми еркіндік Конституция деңгейінде бекітілуі мүмкін