Қаржы • 30 Маусым, 2017

KASE мен АӨҚО рейтинг агенттігі мәмілеге келді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан қор биржасы» АҚ мен «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы рейтинг агенттігі» еліміздегі бағалы қағаздар нарығын әрі қарай дамыту мен инвесторлар мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

KASE мен АӨҚО рейтинг агенттігі мәмілеге келді

Қол қойылған құжат Қазақстан қор биржасы мен Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының өзара тиімді, әрі ұзақ мерзімге қоян-қолтық қызмет етуіне септеседі. Және бұл мәміле KASE интернет-ресурсында АӨҚО РА ақпараттық және талдамалық материалдарын жариялау арқылы, сондай-ақ, KASE тізіміне кіретін компаниялардың несиелік рейтингтері туралы мәліметтерін жариялау арқылы жүзеге асырылады.

«Қор нарығын дамыту маңызды бағыттардың бірі. Бұл ел эономикасының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Қазірдің өзінде Қазақстан қор биржасы әмбебап қаржы алаңына айналып, нарыққа қатысушылар сауда-саттық алаңында жасалатын тәуекелдердің түбі қайырлы болуына мүдделі. Қашықтан берілген рейтингтер болжамды тәуекелдер туралы белгілі бір түсініктің пайда болуына көмектеседі. Бірақ ендігі жерде ұлттық несиелік рейтингтерді жариялап отыру қазақстандық листингілік компаниялар үшін тұрақты тәжірибеге айналып, осы бағытта әрі қарай жылжуға жол ашады», – деді «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская.

Өз кезегінде «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі» АҚ басқармасының төрайымы Айгүл Тасболат халықаралық шкаламен қатар, ұлттық шкала бойынша рейтингтер беру – дүниежүзі бойынша инвесторлардың тәуекелдерін басқару тиімділігін арттыруға көмектесетін және несиелік тәуекелді бағалаудың эталоны болып табылатындығын атап өтті.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55