Аймақтар • 01 Шілде, 2017

Жамбыл облысындағы Т.Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қырықбаев Асқар Санатұлы Т.Рысқұлов ауданының әкімі болып тағайындалды

Жамбыл облысындағы Т.Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қырықбаев Асқар Санатұлы 1965 жылы туылған, білімі  жоғары, 1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «ауыл шаруашылығын механикаландыру» және 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Луговой ауданы Қорағаты совхозының егіс бригадасында жұмысшы болып бастаған.

1988-1989 жылдары - Алматы орта кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, лаборант, 1989-1993 жылдары - Алматы облыстық автосервис және сауда кәсіпорнында инженер, шұғыл жөндеу шебері, бастықтың экономика және сауда жөніндегі орынбасары, 1993-2012 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ филиалдарында және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2014 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.