Аймақтар • 01 Шілде, 2017

Оралға жаңа әкім келді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бүгін Орал қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды.

Оралға жаңа әкім келді

Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Мұрат Мұқаев Орал қаласының әкімі болып тағайындалды. Шаһарды бұған дейін басқарған Нариман Төреғалиев жақында Сенат депутаттығына сайланған болатын.

Мұқаев Мұрат Рахметұлы 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Экономист және заңгер мамандығы бойынша екі жоғарғы білімі бар. Еңбек жолын 1992 жылы салық инспекторы болып бастаған. 1994-1997 жылдары банк саласында қызмет атқарды. 1997-2011 жылдары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша кеден саласында қызмет атқарған.

2011-2013 жылдары Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2013-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданының әкімі, 2016 жылдың мамыр айынан бастап бүгінге дейін Теректі ауданының әкімі болды.

Орал