Кәсіпқой бокс • 01 Шілде, 2017

Қанат Исламға промоутерді ауыстыру қажет - Серік Сәпиев

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл пікірін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев білдірді. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы жас емес, сол себепті, тездетіп танымал боксшылармен кездескен дұрыс, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Исламға промоутерді ауыстыру қажет - Серік Сәпиев

"Ашығын айту керек, Қанат Исламның кәсіби бокстағы жолы ауыр өтіп жатыр. Негізі, оған Америкаға барып, беделді бір промоутермен келісімшартқа отырған дұрыс болар еді. Ол промоутер кез келген жерге емін-еркін кіріп, кез келген бокс ұйымымен үлкен жекпе-жек бойынша келісе алса, чемпиондық атақты да алуға болады. Сөйтіп, Қанат кәсіби бокстың даңғыл жолына түсе алады. Менің ойым солай. Бүгінде Қанаттың өзі жас емес. Оған кәсіби бокста тағы 5 жыл, ары кетсе, 8 жыл жүруге болады", - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, кәсіби бокста 40 жасқа дейін өнер көрсетуге болады. Одан кейін спортшының физикалық күші төмендейді. "Дәл қазір Қанат жолдың ортасында тұр. Енді, үлкен бір белбеуді жеңіп алса, атын да шығара алады", - де атап көрсетті Сәпиев.

Айта кетейік, елордада өткен баспасөз мәслиxатында Қанат Ислам  9 қыркүйек күні кезекті жекпе-жегін Астанада өткізетінін мәлімдеді. Оның келесі қарсыласы - америкалық Джеймс Киркленд. Исламның айтуынша, жекпе-жекке кіру билеттерінің бағасы әзірше белгісіз. Оған қоса, Джемс Кирклендпен арадағы келіссөздер әлі аяқталған жоқ. "Ол келісімге өз қолын қойған жоқ. Жақынарада нақты шешімін айтады", - деп атап көрсетті ол.