Ұлттық спорт • 02 Шілде, 2017

«Қазақстан барысы-2017» турнирінің техникалық нәтижелері

465 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Дәл қазір елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында жетінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы-2017» турнирі аяқталды.

«Қазақстан барысы-2017» турнирінің техникалық нәтижелері

Назарларыңызға турнирдің техникалық нәтижелерін ұсынамыз:

Іріктеу кезеңі

Шыңғыс Шоқпытов (Ақтөбе облысы) - Темірлан Көлбай (БҚО) – Шыңғыс ұпай санымен жеңді;

Александр Касачев (Алматы облысы) - Жолдасбек Бектұрсынов (ОҚО) - Касачев қарсыласынан таза жеңіспен басым түсті;

Бірінші айналым

Шыңғыс Шоқпытов (Ақтөбе облысы) - Нұрбек Досмағанбетов (Ақтөбе облысы) – Шыңғыс Шоқпытов қосымша уақытта жеңіске жетті;

Айбат Сейтен (Астана) - Ерлан Омаров (Қостанай облысы) – Айбек Сейтен ұпай санымен басым түсті;

Ғизат Халықов (СҚО) - Арман Қалиев (Атырау облсы) – Арман Қалиев мерзімінен бұрын жеңіске жетті;

Самир Мәмедов (Павлодарс облысы) - Абай Ерболұлы (Жамбыл облысы) – Абай Ерболұлы қарсыласынан ұпай санымен ұтты;

Асыл Бәрменов (Қарағанды облысы) - Алтынбек Аусағитов (СҚО) – Бәрменов ұпай санымен ұтты;

Дархан Бижанов (Астана) - Мейрамбек Жаңабай (Маңғыстау облысы) – маңғыстаулық балуан мерзімінен бұрын жеңіске жетті;

Мұхит Тұрсынов (ШҚО) - Еламан Ерғалиев (Әскер барысы) – бұл белдесуде ұпай санымен Еламан Ерғалиев жеңді;

Мақсат Исағабылов (Қызылора облысы) - Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы) – Нұрдәулет таза әдіспен ұтты;

Александр Касачев (Алматы облысы) - Айбол Айтбек (Жамбыл облысы) – бұл кездесуде Алматы облысының балуаны жеңіске жетті;

Ержан Шынкеев  (Қарағанды облысы) - Бекбол Нұрланұлы (Ақмола облысы) – Ержан Шынкеев таза әдіспен қарсыласынан басым түсті;

Абылайхан Қасымхан (Қостанай облысы) - Әділет Нұрпейісов (Павлодар облысы) – Абылайхан Қасымхан да қарсыласын таза әдіспен жеңді;

Олжас Шынкеев (Әскер барысы) - Айбек Нұғымаров (ШҚО) – Айбек қарсыласын ұпай саны бойынша ұтты;

Дәулет Әшірханов (Ақмола облысы) - Ұлан Рысқұл (Алматы облысы) – Ұлан Рысқұл таза әдіспен жеңді;

Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда облысы) - Әділжан Ыстыбаев (ОҚО) – Әділжан қарсыласынан қосымша уақытта басым түсті;

Дәурен Нұралинов (Алматы қаласы) - Руслан Әбдіразақов (Алматы қаласы) – Руслан қарсыласын ұпай санымен ұтты;

Ерназар Хамзин (БҚО) - Кенжебек Күзембаев (Атырау облысы) – Кенжебек мерзімінен бұрын жеңіске жетті;

Екінші айналым

Шыңғыс Шоқпытов (Ақтөбе облысы) - Айбат Сейтен (Астана) – бұл белдесуде Айбек Сейтен жеңіске жетті;

Арман Қалиев (Атырау облысы) - Абай Ерболұлы (Жамбыл облысы) – Арман Қалиев ұпай санымен ұтты;

Асыл Бәрменов (Қарағанды) - Мейрамбек Жаңабай (Маңыстау облысы) – бұл кездесуде Асыл Бәрменов басым түсті;

Еламан Ерғалиев (Әскер барысы) - Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы) – Еламан Ерғалиев таза әдіспен жеңіске жетті;

Александр Касачев (Алматы облысы) - Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы) – Ержан Шынкеев те қарсыласын таза әдіспен жеңді;

Абылайхан Қасымхан (Қостанай облысы) - Айбек Нұғымаров (ШҚО) – Айбек Нұғымаров қарсыласынан басым түсті;

Ұлан Рысқұл (Алматы облысы) - Әділжан Ыстыбаев (ОҚО) – бұл белдесу Ұлан Рысқұлдың жеңісімен аяқталды;

Руслан Әбдіразақов (Алматы қаласы) - Кенжебек Күзембаев (Атырау облысы) – Руслан мерзімінен бұрын жеңіске жетті;

Ширек финал

Айбат Сейтен (Астана) - Арман Қалиев (Атырау облысы) – атыраулық балуан қарсыласын таза әдіспен жеңді;

Асыл Бәрменов (Қарағанды облысы) - Еламан Ерғалиев (Әскер Барысы) – Еламан Ерғалиев ұпай санымен басым түсті;

Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы) - Айбек Нұғымаров (ШҚО) – Айбек қарсыласын ұпай санымен ұтты;

Ұлан Рысқұл (Алматы облысы) - Руслан Әбдіразақов (Алматы қаласы) – кездесуде Ұлан Рысқұл таза әдіспен жеңіске жетті;

Жартылай финал

Арман Қалиев (Атырау облысы) - Еламан Ерғалиев (Әскер Барысы) – белдесуде Ерғалиев ұпай санымен басым түсті;

Айбек Нұғымаров (ШҚО) - Ұлан Рысқұл (Алматы облысы) ­­­-  қос «Барыс» арасындағы белдесуде Ұлан Рысқұл жеңіске жетті;

Үшінші орын

Арман Қалиев (Атырау облысы) - Айбек Нұғымаров (ШҚО) – Айбек «Қазқстан барысы – 2017» турнирінің қола жүлдесіне ие болды.

Финал

Еламан Ерғалиев (Әскер Барысы) – Ұлан Рысқұл (Алматы облысы) ­­­– қызылордалық балуан Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы – 2017» жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, жетінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің қорытындысы бойынша Еламан Ерғалиев Бас жүлдені иеленсе, Ұлан Рысқұл екінші, Айбек Нұғымаров үшінші орынды місе тұтты.