Кеңес барысында заңнамалық бастамалардың жаңа пакеті талқыланды, сондай-ақ Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтин-
гісіндегі Қазақстан позициясын жақсарту бойынша Үкімет қолданатын бірқатар басқа шаралар талқыланды.
Үкіметтің аталған жұмысы аясында 7 кодекс пен 9 заңға енгізілетін түзетулер пакеті қалыптастырылды. 9 көрсеткіш бойынша өзгерістер қарастырылған: «Кәсіпорын ашу», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электрмен қамту жүйесіне қосу», «Келісімдерді орындау», «Халықаралық сауда», «Миноритарлық инвесторларды қорғау», «Өтеу қабілетсіздігін шешу», «Несиелер алу», «Меншікті тіркеу».
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр Б.Сағынтаев министрліктер мен ведомстволарға алға қойылған міндеттерді іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Олардың ішінде «Астана 1» Ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру мерзімдерін сақтауды, экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезенің, жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінің жұмыс жасауын, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері мен сақтандыру ұйымдарын «Электронды үкімет» порталымен ықпалдастыруды қамтамасыз ету сияқты тапсырмалар бар.