Қазақстан • 03 Шілде, 2017

Бүгін «Астана-Арқау» түрік дәстүрлі музыкасының X фестивалі басталады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3-4 шілдеде «Астана-Опера» театрында «Астана-Арқау» түрік дәстүрлі музыкасының X фестивалі өтеді.

Бүгін «Астана-Арқау» түрік дәстүрлі музыкасының X фестивалі басталады

Биыл оныншы жыл салтанат құратын «Астана-Арқау» фестивалінде алыс-жақын түрік халықтарының және қазақ музыкасының айтулы шеберлері өнер көрсетеді. Солардың қатарында атақты музыкант - дәстүрлі тувалық көмей саздың майталманы Николай Ооржак фестивальдің арнайы қонағы болмақ.

Концерттің басталуы сағат 19.00-де. Билетті театрдың сайтынан сатып алуға болады.