Басқарманың бұрынғы басшысы Шолпан Каринова Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру департаментінің директоры болып тағайындалды. Оның орнына бұған дейін Петропавл қалалық білім бөліміне жетекшілік еткен Гүлмира Кәрімова тағайындалды.
Г. Кәрімова 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «бастауыш сынып мұғалімі», 2008 жылы Көкшетау университетін «қаржы бакалавры» бойынша бітірген.
Еңбек жолын Петропавл қазақ классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдігінен бастаған. 2010-2013 жылдары № 17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің директоры болған. 2013 жылдан қалалық білім бөліміне басшылық еткен.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы