Кәсіпқой бокс • 03 Шілде, 2017

Андре Уорд Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA(Super),WBO және IBF тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы америкалық Андре Уорд (32-0, 15 KO) орта салмақтағы WBA(Super), WBC, IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 34 KO) мексикалық Сауль «Канело» Альварес (41-1-1, 34 KO) арасындағы кездесуге болжам жасады.

Андре Уорд Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

«Меніңше, бұл жекпе-жек өте тартысты өтеді. Головкин мексикалық боксшыға  қарағанда үлкен. Альварес агрессивті боксшы, өзіндік стильі қалыптасқан, айла тәсілі жетілген, кез келген боксшылармен иық теңестірерлік дәрежесі бар. Ол осы кездесуде бар күшін қолданады деп ойлаймын. Қазір кім жеңетіндігін дөп басып айту қиын. Себебі, бұл – бокс. Бір соққы барлығын шешіп кетуі мүмкін. Мен бұл кездесуде кім жеңетінін білмеймін, дегенмен, бокстың бар қызығы осында», дейді Андре Уорд өз First Тake бағдарламасына берген сұхбатында.

 Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Альварес кездесуі 16-қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobil аренасында өтеді.

 

Абзал ОРЫНБАСАР