05 Қазан, 2011

Судьялар ат ауыстырды, ардагерін ардақтады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президентінің үстіміздегі жылғы 26 қыркүйектегі Жарлығымен Қостанай облысының жергілікті  соттарына жаңа төрағалар мен судьялар тағайын­дал­ды. Алдымен Қостанай қалалық сотының төрағалы­ғы­на Самалбек Мұхтаров бекітілді. Ол бұрын Ақмола об­лысындағы Бурабай аудандық сотының  төрағасы болып  қызмет істеген болатын. Ал осыған дейін Қостанай қа­ла­лық сотын басқарған Асылбек Жұмағұлов маманданды­рыл­ған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың  төрағасы болып тағайындалды, аталған соттың  бұрынғы  төрағасы өз қалауымен  осы соттың судьясы қызметіне  ауысты. Денисов аудандық сотын басқарып келген Бақ­ты­бай Исмұхамбетов енді Қарасу аудандық сотының тіз­гінін ұстады. Осы  соттың бұрынғы төрағасы Алтай Ер­ға­лиев Қостанай қалалық сотының  судьясы болып тағайындалды. Қостанай облыстық сотының пленарлық мәжілісінде облыстық сот төрағасы Бағлан Мақұлбеков  жергілікті сот­тардағы осы ауыс-түйістерді айтып, жаңа  төраға­лар­ды таныстырды. Сонымен қатар, жиналғандар  Қостанай облыстық сотының судьясы Алексей Кобцевті құрметті демалысқа шығарып салды.  Ол Қос­та­най облыстық сотында 38 жыл қызмет етті, соның  ішінде 16 жыл облыстық соттың төрағасы лауазымы қызметін атқарған. Білікті судья және шебер ұйымдастырушы Кобцевті  Қостанай облысындағы соттарда қызмет істейтін  судьялар өзіне ұстаз тұтады. Ардагер әріптестерінің  құрметіне рахмет айта отырып, мейірман қазақ жерінде  судья болып қалып­тас­қанын мақтан тұтып, өзіне тапсырылған  халық пен Президент сенімін ақтай білгенін қанағат ететінін жеткізді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.