Қос мемлекет астаналарын байланыстыратын рейс аптасына 3 мәрте жиілікпен, яғни дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Жаңа халықаралық тасымал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға дейін еліміз арқылы өтетін транзиттік жолаушылар ағынын 4 есеге дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асуда. Соңғы 7 жылда транзиттік әуе жолаушылар ағыны 20 есеге артқан. Болашағы зор бағыттардың бірі Үндістаннан Қазақстан арқылы ТМД елдеріне бағытталған транзиттік жолаушылар маршруты болып табылады.
Астаналар арасына қатынайтын рейс – 2004 жылдан бері «Эйр Астана» әуе компаниясы орындап келген Алматы – Дели – Алматы рейсін толықтыратын тиімді жоба. Бұл рейс «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуда іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін қызмет ететін болады. Халықаралық рейсті ашуда қазақстандық Азаматтық авиация комитеті мен Үндістанның авиациялық билігі бірлесе жұмыс атқарды.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына жағдай жасау мақсатында «Эйр Астана» әуе компаниясы орындайтын Астана – Дели – Астана бағыты бойынша жаңа халықаралық рейс ашылады.
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше
«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Медицина • Кеше
Елорданың «Байқоңыр» ауданында ауқымды мұз айдыны ашылды
Елорда • Кеше