05 Қазан, 2011

Қадағалау органдары арасындағы ықпалдастық

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Прокурорлардың ха­лықаралық қауымдастығы­ның Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін 6-шы өңірлік конференциясы аясында Қазақстан Респуб­ли­касының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың Сауд Арабия Корольдігінің Бас прокуроры Шейх Мохаммад бин Фахдпен, Албанияның Бас про­ку­роры Ина Рамамен, Түрік Республикасының Бас про­ку­ро­ры Хасан Эрбильмен, Про­курорлардың халықаралық қау­ымдастығының президенті Джеймс Гамильтонмен, сон­дай-ақ Малайзия Бас проку­ро­рының орынбасары Датук Идрус бин Харунмен екіжақ­ты кездесулері өтті. Кездесу барысында тараптар қадағалау органдарының қызметінің қалыптасуы мен даму тәжірибесі жайында өз­ара ақпараттар алмасып, екі­жақты ынтымақтастықтың келешектерін талқылап, қарым-қатынас салаларын одан әрі дамытуға және жалғастыруға мүдделілік танытты. Әңгімелесушілер азамат­тар­дың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикалық мүд­делерін қорғау, халық­ара­лық құқық қорғау тәжірибесін үйрену аясындағы қарым-қа­тынасты нығайту тұрғысында форумды өткізудің маңызды екенін атап өтті. А.Дауылбаев Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Бас прокура­ту­ра­сы­ның аймақтық ынтымақ­тас­тықтың пәрменді тетігі болып табылатын Проку­рор­лардың халықаралық қауым­дастығы аясындағы халық­ара­лық қатынастарды дамы­туға ерекше назар аудара­тынын атап көрсетті, деп ха­барлады Қазақстан Респуб­ли­касы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.