06 Қазан, 2011

Қазақстанға құрметпен қарайды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қа­зақ-түрік университеті жастарға тәуелсіз­дік­тің құнын, маңызын ұқтыратын, бола­шақ­қа сеніммен қарауға түрткі болатын шараларды іске асыруда. Атап айтсақ, қа­раша айында ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғына орай «Болон үдерісі және Қазақ­стан­ның жоғары білім беру жүйесіндегі реформалар» тақырыбында халықаралық ғылы­ми-тәжірибелік конференция өтпек. Жас­тар­ға тәлімдік-отаншыл­дық маңыз берер бірқатар іс-шаралар атқарылмақ. Ұлы бабаларымыздың мерейтойларын, тарихи маңызы зор дата­ларды атап өту дәстүрге айналған. Бұл үдеріс факультеттерде жалға­сын тауып, рет-ретімен өтуде. Мұны біз тарихымызды, бабалары­мызды құрметтеу, мақтаныш ету деп ұғынып отыр­мыз. Студенттер арасында түрлі ұлттық-мәдени үйірме­лер­дің іргесі қаланды. 16 елден келіп оқып жатқан білімгерлер ұлт­аралық татулық, келісім мен ынтымақта өмір сүруде. Менің байқағаным, көптеген шет мемлекеттерден келген студенттер біздің елімізге құр­метпен қарайды, бағалайды, ең бастысы біздің Президентіміздің саясатын қолдайды. Бұл бізге, біздің жас­тарымызға үлкен мақтаныш. Жамбыл АЙМЕНОВ, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті.