06 Қазан, 2011

Қызықты көрмек үшін...

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Петропавл темір жол стан­са­сына  әдеттегіден өзгеше пойыз келіп тоқтады. Саяхат «Ресей темір жолы» АҚ-тың бастамасымен ұйымдастырылып, Мәскеуден Қиыр Шығысқа бет алыпты. Қазақ­станда  Петропавл стансасында аялдап, жұрт­шы­лық жылжымалы көрме-дәріс кешені орнатылған вагон­дар­дың өзгеше жабдықталуын бір күн бойы тамашалады. Оның таныстырылымына облыс әкімі Серік Біләлов қатысып, өз сөзінде  Кеден одағы құрылғалы аймақтың  Ре­сей, Беларусь мемлекеттерімен сыртқы экономикалық бай­ланыс­­та­р­ы­ның жақсара түскенін атап өтті. Көрме осы заманғы озық тех­нологияларға негізделген ин­но­ва­циялық жетістіктерді жан-жақты бей­нелеуімен ерекшеленеді. Ұйым­дас­тыру­шылардың айтуына қара­ғанда, жылжымалы көрме-дәріс кешені өз сапарын 3 тамызда бастап, 50-ден астам қаланы ба­­­сып өткен. 16 мыңға жуық адам  инновация жетістіктерімен танысу мүм­кінді­гі­не ие болған. «Роснано»  мем­лекет­тік корпорациясы құ­ра­мына енетін ірі ком­пания­лардың  көрмеге қойыл­ған  замануи нано­техно­ло­­гия­лары ай­рық­ша назар аудартты.  Бей­неро­лик­терді, диа­грам­маларды пайдалана оты­рып «Қа­зір­гі яд­ро­лық тех­нологиялар», «Теміржол­дың инф­ра­­құры­лымы», «Энергия үнем­деу», тағы басқа та­қы­рыптар бойын­ша жан-жақты мағ­лұмат алуға болады. Көрме петропавлдықтардың үлкен қызығушы­лы­ғын тудырып, бір мыңдай адам тамашалады. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.