Президент • 06 Шілде, 2017

Елбасы Қазақстан астанасын өзгерту туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан астанасын Астанаға көшіру туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтты.

Елбасы Қазақстан астанасын өзгерту туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтты

"Астана қала қонақтарын таңғалдыратын қалаға айнады, барлық қазақстандықтардың мақтанышы болды. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, Астана өзінің мүмкіндіктерін бүкіл әлемге көрсетуі тиіс қалаға айналды. Мен тәуекелге бардым. Барлығын қойдым: саяси болашақты, өзімді және басқаларды тәуекелге қойдым. Артқа барар жол жоқ дегендей, тек алға жылжу керек болды. Біз алға жылжыдық, жеңдік", - дейді Назарбаев.

"Бір минут болса да күмәнданған жоқсыз ба?" - деп сұрады журналист Роберт Францев.

"Бір минут болса да күмәнданған жоқпын. Күмәнданған жағдайда менің қасымдағы адамдар менен де қатты күмәнданатын еді. Парламент дауыс берді, әрине, күмәнданғандар көп болды. Бастапқыда тіпті мұны әзіл деп ойлағандар да болды. Бірақ мұның әзіл емес екенін түсінген кезде олар: "Дауыс берейік. Астанамыз қашан көшіріледі? Кем дегенде 40 жылдан соң, ал ол кезде, біз, депутаттар, мұнда болмаймыз да" деп, дауыс бере бастады. Осы депутаттардың өзі кейінірек осында жүктерін алып, 1997 жылы желтоқсанның боранды күнінде көшіп келді", - дейді Елбасы.