![Ақтауда қайта жаңғыртылған су тұшыту зауыты іске қосылды](/article_photo/1499329980_article_b.jpeg)
Зауыттың өнімділігі бұған дейін күніне 10 мың текше метр тұшытылған ауыз суға мүмкіндік беретін болса, енді, яғни жаңғыртудан кейін күніне 30 мың текше метр тұщы су бере алатын болады.
Салтанатты шарада облыс әкімі Е.Тоғжанов зауытта қайта жаңғырту жұмыстарының жалғасатындығын жеткізді. Жұмыстар нәтижесінде келер жылы су тұшыту көлемі күніне тағы да 20 мың текше метрге көбеймек.
Гүлайым Шынтемірқызы,
"Егемен Қазақстан"
Ақтау