Аймақтар • 06 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстан әкімі тұрғындарды Астана күнімен құттықтады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында Астана күніне орай «Жайнай бер, жарқырай бер, Астана» мерекелік іс-шарасы кең көлемде аталып өтті.

Солтүстік Қазақстан әкімі тұрғындарды Астана күнімен құттықтады

Онда аймақ басшысы Құмар Ақсақалов облыс тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Елбасының қажырлы қайраты мен зор еңбегінің арқасында Сарыарқа төрінде жаңа тұрпатты елорда тұрғызылғанын атап көрсетті.

Еліміздің мемлекеттілігінің нығаюына, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін бір топ солтүстікқазақстандық «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.

«Қазақстан кәрістері ассоциациясы» облыстық филиалының төрағасы Евгений Ханға «Бірлік» алтын медалі табыс етілді.

«Мәденеит пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін Погодин атындағы орыс драма театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Виктор Шалаев, Қазақстан Республикасының халық әртісі Людмила Ванюкова, тағы басқалары иеленді.

Салтанатты жиын түрлі ойын-сауық бағдарламаларына, спорттық ойындарға жалғасты.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы