Президент • 06 Шілде, 2017

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты тағы да туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жұмысына жаңа табыстар тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесіне қатысты кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына ерекше мән берілді.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.