Жеңіл атлетика • 07 Шілде, 2017

Үндістанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Бхубанешвар қаласында жеңіл атлетикадан XXII Азия чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Үндістанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды

Азия чемпонатының ашылу салантанаты 3,5 ай бұрын ғана жөндеу жұмыстары басталған Бхубанешвардағы «Kalinga» стадионында өтті. Ұйымдастырушылар көремендерге 2 сағатқа созылған керемет шоу сыйлады. Салтанатты шара кезінде жарысты ұйымдастырушы мемлекеттің тарихы, «Айдаһар биі», үндістердің дәстүрлі биі көрсетілді. Сондай-ақ соңында отшашу болды.

Жеңіл атлетиканың мамандары ашылу салтанатын өте жоғары бағалады. Ұйымдастырушылар жоғары деңгейде дайындалған. Бұл соңғы жылдардағы Азиядағы ең үздік ашылу салтанаттарының бірі болды. Қазақстан құрамасының туын балға лақтырушы Диана Нүсіпбекова алып жүрді. Ашылу салтанатына 6 шілде күні жүгіретін спринтерлер – Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова, сонымен қатар дискобол Евгений Миловацкий және т.б атлеттер қатысқан жоқ.

Жалпы алғанда, Бхубанешвардағы Азия чемпионатында құрлықтың 800 үздік атлеті өнер көрсетеді. Олар 45 елдің намысын қорғайды. Қазақстан командасы Үндістанға 3 шілде күні ұшып кетті. Біздің елдің делегациясы Астана және Алматы қалаларынан жиналып, екі топ болып барды. Сары құрлық додасында еліміздің атынан 31 спортшы сынға түседі. Олар алдағы Лондонда өтетін әлем чемпионатының нормативін орындауға тырысады.