Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Тарбағатай ауданының Қарғыба ауылына ауыз су келді - ШҚО

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тарбағатай ауданының Қарғыба ауылына таза ауыз су келді.

Тарбағатай ауданының Қарғыба ауылына ауыз су келді - ШҚО

Ауыл тұрғындарын қуанышқа кенелткен игі шараға аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, қырдағы ағайынды Астана күні мерекесімен құттықтады.

«Құмкөл ауылдық округінің тұрғындары бұл күнді асыға күткен еді. Ол күнге де жетіп отырмыз. Алла сәтін салса, қыркүйек айының аяғына дейін Қарғыба ауылындағы 156 үйдің бәріне ауыз су жеткізіледі», - деді аудан әкімі. Су жеткізу шаруаларымен шұғылданған «Бота» ЖШС директоры Қайрат Қожахметов те жерлестерін мерейлі мезеттерімен құттықтап, «су құбыры ауыл жұртшылығының игілігіне жұмыс істесін» деген тілегін жеткізді.

Азамат Қасым,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы