Аймақтар • 09 Шілде, 2017

Маңғыстау облысында «Үлгілі ауыл» байқауы жарияланды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Туған жер» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысында «Үлгілі ауыл» байқауы жарияланды, деп жазады tumba.kz.

Маңғыстау облысында «Үлгілі ауыл» байқауы жарияланды

Арнайы құрылған комиссия қажетті нысандармен қамтылған, талапқа сай абаттандырылып, жасыл-желекке оранған ажарлы ауылды анықтайды.

Байқауда ауыл азаматтарының туған жерін дамытуға қосқан үлесі де ескеріледі. Бірінші орын алған елді мекенге 10 млн теңге жүлде берілмек. Ал, екінші орынға 7,5 млн теңге, үшінші орынға 5 млн жүлде қарастырылған. 2 млн теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы да бар. Бұл қаржы жеңіске жеткен ауылдарды абаттандыру ісіне жұмсалады.