Жекпе-жек • 09 Шілде, 2017

Қазақстандық самбистер ҚР Президентінің сыйлығына əлем кубогында топ жаруда

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан ҚР тұңғыш Президенті сыйлығына əйелдер мен ерлер арасындағы самбо күресінен жəне əскери самбодан Əлем кубогында топ жаруда, деп хабарлайды елорда əкімдігінің медиа орталығы.

Қазақстандық самбистер ҚР Президентінің сыйлығына əлем кубогында топ жаруда

Үш күннің қортыныдысы бойынша біздің құрамада 10 алтын, 9 күміс жəне 29 қола медаль. Бүгін "Дəулет" спорт кешенінде шешуші ақтық кездесу. Турнирдің қортынды нәтижесі демалыс күндері белгілі болады деп күтілуде.

- Бүгін ЭКСПО көрмесі аясында 3 күн өткен турнир аяқталады. 3 күннің қортындысы бойынша Қазақстан құрамасы топ басында. Қазір бізде 10 алтын медаль. Бірақ əлі алда ақтық кездесулер бар. Біз жеңімпаз болып қаламыз деп ойлаймын. Грузиядан, Германиядан жəне өзге де елдерден мықты спортшылар келді. Төбелеске қатысушылар мен жаттықтырушылар ЭКСПО-ға шақырылады,-деді медиа орталық тілшісіне ҚР спорттық жəне əскери самбо федерациясының президенті, ЭКСПО комиссары Рапиль Жошыбаев.

Жарысқа 16 мемлекеттен 200-ден астам самбист қатысты: Армения, Əзірбайжан, Беларус, Болгария, Германия, Грузия, Молдова, Ресей, Румыния, Турция, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тəжкистан жəне АҚШ. Басты жүлде 9 салмақ дəрежесі өкілдері - 52, 57, 62, 68, 74, 84, 90, 100 келі және одан жоғары салмақта əйелдер мен ерлер арасында сарапқа салынады.