Бокс • 10 Шілде, 2017

Боксшы бойжеткен 6 мың көрермен сыятын амфитеатрда жұдырықтасады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 тамыз күні Астана қаласындағы халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесі аумағында кәсіпқой бокс кеші өтпек. Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жастағы кәсіби боксшысы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына таласады. Шараны «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ пен спортшының командасы ұйымдастырады. Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов Ф.Шарипованың командасымен кездесуінде әлемге әйгілі отандық спортшылар мен ЭКСПО көрмесінің мақсаты бір екенін айтты.

Боксшы бойжеткен 6 мың көрермен сыятын амфитеатрда жұдырықтасады

«Мен әйелдер арасында кәсіби бокс­тан бірінші әлем чемпионы атануға үлкен мүмкіндік туғанына және бұл атақ үшін Қазақстанда бәсекеге түсетініме қуаныштымын», дейді Фируза Шарипова. Кәсіпқой бокс ЭКСПО қалашығындағы 6 мың көрерменді еркін жинай алатын амфитеатрда өтпек. 
Он жасынан бастап бокспен айналыса бастаған спортшы әуесқой мансап жолында екі рет Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері болды. 2016 жылдың 21 мамырында Мәскеу қаласында кәсіпқой бокста Денис Лебедев пен Виктор Рамирес өткізген ауқымды кездесудің андеркарды атанған Олимпиаданың күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы ресейлік София Оличивамен жұдырықтасты. Содан кейін, ол Испанияда, Қазақстанда және Ресейде рингке шықты. 29 маусымда Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде ресейлік Бианка Пряшканы бірінші раунд­тан кейін жеңді.