06 Қазан, 2011

Етене байланыстың тиімді құралы

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлімі ха­лық­пен етене байланы­су­дың ең бір тиімді құралына айналды. Бүгінгі күні «Нұр Отанда» тұрақты түрде депутаттармен, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, банк­тер, басқа да мекеме бас­шы­ларымен  азаматтарды қа­был­дау өткізіліп, Қазақ­стан адвокаттар одағы және «Қо­ғамдық қорғаушы» РҚБ өкіл­дерімен тегін кеңес беру көме­гі көрсетіледі. Ал бүгіннен бас­­тап пар­тияның қоғамдық қабылдау бөлімінде ТКШ және құрылыс істері жөніндегі агенттігі, ТКШ қазақстандық орталығымен бірлесіп әр апта сайын консультациялық ке­ңес беру өткізілетін болады.   Бұл шешім қазанның 4-і күні Орталық аппараттың Қоғамдық қабылдауында, партия Төрағасы­ның бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен бол­ған қабылдау кезінде айтылды. Жаңа жұмыс тәртібін енгізу ұсы­нысын «ТКШ ҚазОрталығы» бас­қармасының төрағасы Әлихан Бижанов алға тартты. Тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы ая­сын­да 11 мыңнан астам үйлер мен  81 мыңнан астам жылу-элек­тр және көгілдір отын желілерін жөндеу көзделген. Қазақстанда осы саланың заманауи үлгілерінің енгізілуі көптеген сауалдардың туындауына себепші болуда. Сон­дықтан қоғамдық қабылдауға түскен сұрақтар легі қазақ­стан­дық­тар үшін жайлы тұрғын үй мәсе­лесі бірінші кезекте тұра­ты­нын көр­сетіп отыр. Тек қыркүйек айы­ның өзінде тұрғын үй-ком­му­налдық ша­руа­­шылығы бойынша түскен өті­ніштер саны өткен жыл­дың осы уақы­тымен салыс­тыр­ғанда  3,2 пайызға артқан. «Бизнестің жол карта­сы-­2020» бағдарламасы аясында  Щучье-Бурабай курорттық ай­мағы ересектер мен балалардың белсенді демалыс орталығы жо­ба­сын қаржыланды­руға көмек­те­су. Бұл да бүгін қабылдан­ған ма­ңызды шешімдер­дің бірі. Ор­талық ғимараты үшін әлі толық салынбаған мектеп-гиназияның құрлысы пайдаланыл­мақ. Осы жерде ойын-сауыққа қажеттінің барлы­ғымен  қамтама­сыз етілген балалар қалашығы бой көтермек. «Нұр Отан» партиясы Төр­аға­сының бірінші орынбасарының қабылдауына келгендердің бар­лы­ғы өз сауалдарына жауап алды. Халық арасында «Нұр Отан­ға» деген сенімнің артқанын сандар да дәлелдейді. Айталық, жыл басынан бері қоғамдық қабылдау бөліміне 50 мыңнан астам өтініш түскен, оның 20 мыңы жазба түрінде.  Өтініштердің 45 пайыз­дан астамы мемлекеттік органдар қа­рауына жолданып, оң шешімін тапқан.
Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45