Аймақтар • 10 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстан Астана күнінде 500 тонна өнім сатты

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және Астана күні аясында елордада Қызылжар өңірінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп, 263 миллион теңгенің саудасы жасалды.

Солтүстік Қазақстан Астана күнінде 500 тонна өнім сатты

Жәрмеңкенің ашылуына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

115 кәсіпорын астаналықтарға 100-ге жуық өнім түрлерін ұсынды.

«500 тоннадан астам сапалы, экологиялық жағынан таза мал, құс, сүт өнімдері, көкөніс түрлері, жартылай фабрикаттар әкелінді», дейді облыстық ауыл шаруашалық басқармасының басшысы  Қайрат Омаров.

Республикалық байқаулардың бірнеше жеңімпазы, жүлдегері «Vizavi» ЖШС-нің кондитерлік тағамдарына сұраныс көп болды. Компанияның өкілі Оксана Гладкихтың айтуынша,  өнімдерісыртқы нарықта да жоғары бағаланатын көрінеді.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.