07 Қазан, 2011

Шекара қырағы күзетте

404 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Бесқарағай ауданынан 80 ша­қырым жерде Сосновка деген ауыл бар. Табиғаттың өзі молы­­нан сыйлаған көне орман бел­де­уінің күнгейі бізге тиесілі де, теріскейі – Ресейдікі. Борас ауылы­нан жиырма шақырым ұза­ған соң қалта телефоны көрші елдің «Билайн-роумингіне» еріксіз көшеді де, хабарласу қи­ынға соғады екен. Бұл жергілікті тұр­ғын­дарға бір­қатар қиындықтар туғызып отыр. – Жақын арада «Билайн» стансасы жұ­мыс істей бастаған соң шекарамен шектес ауылдар еркін хабарласу мүмкіндігіне ие бол­мақ. Ал «Хабар», «Қазақ­стан», «Ел арна» телеарналарын жергілікті тұр­ғындар тамашалап отыр. Тіпті республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық басылымдарды да оқырмандар уақтылы алады, – деп Бес­қа­рағай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов біраз жайлардан мағлұмат береді. Қарағайлы шекара заставасының 2034 әскери бөлімін подполковник Қанат Болатханов бас­қа­рады. Ол кісімен хабарласқанда өз міндеттеріне тоқтала келіп, арлы-берлі өтіп жатқан адамдардың құжаттарын қатаң тексеретіні жайлы айтқан еді. Ал «Сол­түс­тік» аумақтық басқармасына қарасты Бес­қа­рағай шекара коменданты Әнуар Қайыров біз келгенде іссапарда жүр екен. Сосновка ауы­лындағы Қарағайлы шекара застава­сы­ның бас­ты­ғы, аға лейтенант Раухат Төлеген қарсы алып, өз­дері атқаратын міндеттерімен таныстыра бастады. – Біздің комендатурада жиырмаға тарта сарбаз қызмет етеді. Барлығы іскер азаматтар, шекара қы­рағы күзетте, орманды өрттен қорғау, бергі жақ­қа жат пиғылды адам­дар­дың өтіп кетпеуін қа­таң бақылауға аламыз. Үш мемлекет Кеден Одағына біріксе де, шекараның өз заңы, талабы бар. Ендеше, бөг­делердің теріс әрекеттеріне тұсау сала­мыз, – дейді Раухат Төлеген. Аудан әкімі Қалихан Байғонысов шек­ара­шы­лар­мен емен-жарқын әңгімелесіп, Тәу­елсіз Қазақ­стан­ның 20 жылда қол жеткен табыстарына тоқ­та­ла кетті. – Қазір Қазақстанды бүкіл әлем біледі, өткен жыл ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасап, Саммитті жоғары деңгейде өткізу, Қысқы Азия ойындарында топ жару ел ертеңінің жарқын екенін дәлелдейді. Біз­дің мемлекет Қытай, Ресеймен шектеседі. Міне, сон­дықтан да сіздер жауапты міндетті атқа­рып жатырсыздар, шекара қатаң күзетте болса, адамдар алаңсыз тұрмыс құрып, ең­бек ете бермек, – деп аудан әкімі сөзін түй­індеді. Ал Раухат Төлеген өздерінде техни­ка-құралдарының жеткілікті екенін тілге тиек етті. Шекарашылар қатаң тәртіп бойынша жұ­мыс істейді. Мұнда телефон қатынасы жақ­сы жолға қой­ылған, газет-журналдар уақты­лы жеткізіліп тұ­рады. Тұрмысқа қажетті жағдайдың бәрі жасалған. *   *   * Сосновка ауылдық округінің әкімі Аб­дул­­хамит Ораловпен әңгімелесіп отырмыз. Шал­­­­­­ғайда жат­қандықтан, мұнда журналистер ат ізін сирек салатын тәрізді. Сондықтан болар, ауыл әкімінің айтары көп екен, ағынан жарылып, біраз жайдың сырын ағытты. Сосновка ауылында енді бірер күннен кей­ін елеулі оқиға болатын сыңайлы. Әсем етіп са­лынған екі қабатты ауылдық әкім­дік­тің үйіне кірдік. Бұл жерде дәрігерлік амбулатория, учаскелік инспектор, тұр­мыс­тық қызмет көрсететін мекемелер орналас­пақ. Аудан әкімі Қалихан Бай­ғонысов бұл мекемені тез арада жөндеуге өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың ықпалы болға­нын айта кетті. 21 миллион теңге бөлінген, қа­жет­ті жаб­дық­тар сатып алынған. Екі орта мектеп шәкірттерге есігін ай­қа­ра аш­қан. Балабақша да бар. Округте 5,5 мың ірі қара, 13 мың қой, 1400 жылқы өседі. Егіс­тіктен биыл бітік өнім алыныпты. 61 шаруа қо­жа­лы­ғы­ның ішінен Қ. Мукиновтың шоқ­ты­ғы биік. Оның қара­ма­ғын­да 250 сиыр, 470 жылқы бар. Қазақтың ақбас сиыры мен жебе жылқысын өсіріп жатыр. Т. Өтен­овтің қо­жа­­лығында еңбек ететіндердің де еңселері биік. – Ауылымыз орталықтан шалғайда жатса да, тұрғындардың тірлігі түзу, ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қар­са­ңында бірқатар шаралар жү­зе­ге асты. Ағаш кө­шеттері отырғызылып, кө­­шелер жөнделді. Аудан басшылығына алғыс айтамыз, үнемі қамқорлық жасап отырады, – деді ауыл әкімі. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы.
Соңғы жаңалықтар