«ҚазТрансГаз» АҚ өзінің құрылымдарында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы шараларды ұдайы және жүйелі жүзеге асырады
«ҚазТрансГаз» АҚ Тараз қаласындағы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ базасында «Тараз-2011» командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізеді. Бұл оқу-жаттығу шараларының мақсаты Тараз қаласы шеңберінде мүмкін болатын табиғи апаттар кезеңіндегі төтенше жағдайларға байланысты адамдар мен техникаларды құтқару, апат салдарының алдын алу және қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.
Алда болатын бұл оқу-жаттығу ойындары үш сценарий бойынша дамиды деп күтілуде: 1) апатты зіл-зала салдарынан үш қабатты әкімшілік ғимараты құлайды және өрт орын алады. Зардап шеккендер бар, құлаған ғимараттар астында адамдар қалған, газбен жабдықтау жүйесі істен шыққан; 2) апат салдарынан жер астымен өтетін газ тарату жүйесінің электрмен дәнекерленген қосындысынан газ сыртқа шығып, өрт салдарынан жарылыс қаупі орын алады. Апат салдарынан 315 жекеменшік үй және 7 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газсыз қалған; 3) дауылға ұласқан қатты жел салдарынан ағаштар құлап, үлкен ағаш бөренесі тарату пунктінің шкафының үстіне құлап зақымданған. Осының салдарынан төменгі қысымдағы газ құбырынан сыртқа газ шығу қаупі орын алып, 25 жекеменшік үйді және 3 төрт қабатты көп пәтерлі үйді газбен жабдықтау жүйесінен айыруға тура келді.
Командалық-штабтық жаттығулар алты жарым сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде белгіленген сценарий бойынша әкімшілік ғимараттағы адамдарды құтқару жұмысы жүзеге асырылуға, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуге, газ жүйелерінде және қондырғыларында орын алған апатты жағдайларды жою және залалсыздандыру, Тараз қаласындағы тұрғын үйлермен коммуналдық кәсіпорындарды газбен қамтамасыз етуді қалпына келтіру шаралары жүзеге асырылуға тиіс.
Оқу-жаттығу шаралары барысында мына мәселелерді жүзеге асыру жоспарлануда:
– табиғи апат орын алған аймақта апаттың алдын алу және іздестіру-құтқару шараларын жүргізу кезінде барлық құрылымдардың нақты қызметі мен ұйымдастырушылық жұмыстарының жалпы мақсатын жүзеге асыру;
– төтенше жағдайлар салдарларының алдын алу шаралары бойынша қызметкерлердің тәжірибелерін жетілдіру, зардап шеккендерге бірінші көмек шараларын жасау, қажет болған жағдайда жетекшілердің тиісті шешімдер қабылдауын жүзеге асыру;
– диспетчерлік қызметтің дайындығын, байланыс және тұрғындарды дер кезінде хабардар ету мәселелерін ұйымдастыру жағдайын тексеру;
– зардап шеккендерді қауіпті аймақтардан көшіру және олардың қалыпты өмірге қажетті тұрмыс жағдайларын жасау және тағы басқа қажетті шараларды ұйымдастыру.
Командалық-штабтық оқу-жаттығу шараларына құтқару және апаттың алдын алу жөніндегі техникалық командалар, «ҚазТрансАймақ» АҚ Жамбыл филиалының өндірістік құрылымдары қатысады. Сонымен бірге, шараларға Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару отряды» МК, «Апаттан құтқару жұмысы және өртке қарсы шаралар қызметі» ММ қатысады.
4 қазанда Жамбыл облысындағы Амангелді кен орнындағы «АмангелдіГаз» ЖШС серіктес кәсіпорынның базасында «ҚазТрансГаз» АҚ Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі құтқару және басқа жұмыс құрылымдарының қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығу шараларын өткізді. Бұл шараның басты мақсаты «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобына қарасты құрылымдардың Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар шаралары бойынша тиімді бірлескен жұмысын жүзеге асыру болып табылады. Оқу-жаттығу ұйымдарының мақсаты апатты жағдайлар және техногендік үдерістер істен шыққан кезде құтқару және апаттың алдын алу құрылымдарының жұмысын тиімді де ықпалды ұйымдастыру болып табылады. Оқу-жаттығу «Амангелді» кен орнының кешенді газ қондырғысы орналасқан №101 ұңғымасы аймағындағы ұңғы маңайында өткізіледі.
Оқу-жаттығу ойындарына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның және осы акционерлік қоғамдардың серіктес компанияларының жетекшілері мен қызметкерлері, сонымен бірге «АмангелдіГаз» ЖШС-ның Азаматтық қорғаныс құрылымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
«ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан газын тарату, тасымалдау, игеру және газ кен орындарын анықтау жүйелерінің активтеріне корпоративтік басқару жүргізу мақсатында газ саласына жүйелі жетекшілік жұмыс жүргізу үшін 2000 жылы құрылған болатын. «ҚазТрансГаз» Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының құрамына кіреді. Ал «АмангелдіГаз» ЖШС 2003 жылы Бірыңғай Қатысушы – «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Жамбыл облысының келісім-шарттық аумағында мұнай операцияларын жүргізу мақсатында осы акционерлік қоғамның атынан және оның тапсырмаларын орындау мақсатында құрылған болатын. Сол 2003 жылдан бастап «Амангелді» кен орнындағы газ конденсатын пайдалану және Амангелді кен орнындағы газ кенін анықтау тобының кен орындарын іздеу, игеру және оны пайдалануға беру жұмыстарымен айналысады.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.