Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Әуе рейсіне Димаштың атымен аталған ұшақ шықпақ

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің менеджері Алпамыс Шаримов Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Әуе рейсіне Димаштың атымен аталған ұшақ шықпақ

"Қазақ баласының атымен енді ұшақ жарыққа шығады! TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды! Бұл ұшақ "Moonlight blade" онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Бейжіңге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі жарыққа шығатын болады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ!!!", деп жазды Алпамыс Шаримов.