Қазақстан • 11 Шілде, 2017

ВТБ Банк клиенттеріне «Қазпошта» қызмет көрсететін болды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнан былайғы жерде «Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттеріне «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы қызмет көрсетуге қол жеткізді.

ВТБ Банк клиенттеріне «Қазпошта» қызмет көрсететін болды

Үстіміздегі жылдың 26 маусымнан бастап банк клиенті-жеке тұлғалар пошта  бөлімшелерінде өз шоттарын толықтырып, несиелерін  өтей  алады.  Бұл  Банк ВТБ (Қазақстан) және «Қазпошта» АҚ  арасындағы  келісімге  қол  қою  нәтижесінде мүмкін болып отыр.

– Біз әрқашан клиенттердің банкпен серіктестігін барынша тиімді етуге ұмтылып келеміз. Ұлттық пошта операторының қарауында Қазақстанның толық аумағын, әсіресе аудандық және ауылдық жерлерді қамтитын ең ірі бөлімшелері бар. Компания тіпті Қазақстанның ең шеткі елді-мекендерінде жұмыс жасайды.

Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының орынбасары әрі Басқарма мүшесі Н.В. Суганяка «Қазпоштамен» серіктестік банк клиенттерінің несиелік берешектерін өтеу, ағымдағы және жинақ шоттарын толықтыру секілді операцияларға қолжетімділігін айтарлықтай ұлғайтуға бағытталғанын айтады.

Енді төлемдерді Қазпоштаның 3400 бөлімшесінде жүзеге асыруға болады. Ол үшін банктің клиентіне өзінің деректемелерін көрсете отырып арнайы бланкті толтыруы қажет болады.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»