Аймақтар • 11 Шілде, 2017

Қостанайда жоғалған баланың мәйіті 8 күннен кейін табылды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Суда іздеу жұмысын жүргізген волонтерлер тобы шілденің 4 күні жоғалған 8 жасар Игорь Коцтың мәйітін Тобыл өзенінің Кәріс көпірі аумағынан тапты. 

Қостанайда жоғалған баланың мәйіті 8 күннен кейін табылды

Волонтерлер штабында баланың мәйітін оның жақындары таныды. Бұл ақпаратты облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі де растады. Игорьдің денесі Кәріс көпірінен бір шақырымдай жерден табылған.

Бала өлімінің себебі сот-медициналық сараптаудан кейін белгілі болады. Алдын ала болжам бойынша, бала суға  кеткен.       

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»