Аймақтар • 12 Шілде, 2017

СҚО: Мәжіліс депутаттары өңір ахуалымен танысты

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары Ольга Шишигина, Кәрібай Мұсырман және Артур Платонов Қызылжар өңірінің біқатар аудандары мен мекемелерінде болып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттер мен мақсаттарды кеңінен түсіндіруде.

СҚО: Мәжіліс депутаттары өңір ахуалымен танысты

Халық қалаулылары  көпбейінді құрал-жабдықтар шығаратын зауыттың  әлеуетімен танысып, жұмысшылармен кездесті.  Қазір мұнда 210 адам еңбек етеді. Бұрғылау станоктары өндірісін жаңғырту мақсатымен шетелдік озық технологиялар орнатылған.

«2013 жылдан бері өнімдеріміз  Ресейге  экспортталады. Жылдық қаржылық  айналымымыз 1 миллиард теңгені құрайды. Алдағы уақытта ауыл шаруашылық техникаларын құрастыруды жоспарлап отырмыз», дейді  кәсіпорын директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Сағадат Ақжанов. Мәжіліс депутаттары Ольга Шишигина мен Артур Платонов  «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалардың маңыздылығына, тұрғын үй  құрылыс –жинақтау жүйесінің артықшылығына тоқталды. Олар  жеке бизнесті дамытуға,  жеңілдікті несие алуға байланысты қойылған сауалдарға жауап берді.

Мұндай  мазмұнды жүздесу облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамымен де өтті. Онда  Кәрібай Мұсырман, Арутр Платонов жиналғандарды  Парламенттің жұмысымен , қабылданған Заңдардың жайымен,  мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау барысымен таныстырды. Алда тұрған міндеттермен бөлісті.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы