Қазақстан • 12 Шілде, 2017

Астанада қандай мамандықтарға сұраныс бар?

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы бүгінгі күні тапшы, алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандардың тізімін жариялады, — деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы.

Астанада қандай мамандықтарға сұраныс бар?

Рейтингтің бас жағында құрылысшы мамандығы тұр. Тек биылғы жылдың өзінде түрлі қалалық кәсіпорындардан 3 мыңға жуық сұраныс түскен. Және бұл мамандыққа деген сұраныс алдағы жылдары тұрақты болады. Астанада әртүрлі жұмыстарды атқаратын адамдарға қажеттілік екі есеге аз. Дегенмен, бұл кәсіп тапшы мамандықтар рейтингінің екінші орнында тұр. Жыл басынан 1,7 мың бос орын болды. Үшінші орында — медицина қызметкерлері. 2017 жыл басталғалы Жұмыспен қамту орталығына жұмыс берушілерден 705 сұраныс түскен. Бұл ретте, мамандардың болжауынша, ақ халаттыларға деген сұраныс алдағы жылдары тұрақты түрде артып отыратын болады. Елордада сондай-ақ ас үй жұмысшыларына, менеджерлерге, еден жуушыларға, монтаждаушыларға, жүргізушілер мен ағаш шеберлеріне сұраныс тұрақты. Одан бөлек, әкімшілер, кондитерлер, аспазшылар, күзетшілер мен тігіншілерге бос орындар жетерлік. 2017 жылдың бірінші тоқсанында Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға жеткен.