07 Қазан, 2011

Wi-Fi желісі

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырауда интернеттің осындай түріне тегін қосылуға болады Облыстық телекоммуникация дирекциясы Атырау қала­сында «Wi-Fi желісінің құ­рылысын жүргізу» жоба­сын іске асырды. Бұған об­лыс әкімі Бергей Рысқалиев қол­дау білдірді. Интер­нет­тің мұн­дай сымсыз бай­ла­ныс түрін пай­даланушылар енді қала­ның бірнеше ала­ңын­да тегін қосыла алатын болды. Сөйтіп, Атырау қа­ла­сындағы алаң­дарда, аллеялар мен парктерде, сондай-ақ, Жайық өзені жаға­лау­ла­рында, Атырау сауда үйінде ноутбук арқылы тегін интернетке қосылуға жол ашылып отыр. – Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырма­сы­на сәйкес іске асырылып отыр. Жо­баны іске асыру үшін об­лыс бюджетінен 13 миллион теңге қаржы бөлінді, – деді об­лыс әкімі Бергей Рысқа­лиев.  – Жыл аяғына дейін тағы да қаланың бірнеше ша­ғын ауданында  осындай тегін интернетке қосылудың  нүктелері ашылады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.