Аймақтар • 14 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда «тілсіз жау» өршіп тұр

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр облыста 384 өрт оқиғасы тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 10 пайызға артып кеткен.

Солтүстік Қазақстанда «тілсіз жау» өршіп тұр

Қызыл жалынның зардабынан 26 адам көз жұмған. 11 адам түрлі деңгейде күйікке шалынған. Келтірілген шығын 58 млн 787 мың тенгені құрайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Денис Шуваев келтірген деректер бойынша пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан  291 тұрғын үй, сондай-ақ 11 гектар орманды алқап өртке оранған. 51 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оқыс оқиғаларды болдырмау, алдын алу алдын алу мақсатында жыл сайын түрлі жиындар, түсінік жұмыстары атқарылғанына қарамастан «тілсіз жау» өршіп тұр.

Өмір Есқали.
«Егемен Қазақстан»